«Үздік педагог – 2025»

25.09.2025

2025 жылдың 24 қыркүйегінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Үздік педагог – 2025» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті.

Байқау үш кезеңнен тұрды:

  • бірінші кезеңде қатысушылар балалардың балабақшадағы күн тәртібінен бейне ролик ұсынды,
  • екінші кезеңде жеке портфолиоларын таныстырды,
  • үшінші кезеңде балалармен ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша «Балапан» ересектер тобының тәрбиешісі Орымбаева Язгуль Толегеновна Гран-при жүлдесіне ие болды.

Язгуль Толегеновнаны жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз, шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!

Просмотров: 385


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст