«Еркежан» бөбекжай-бақшасында жалпықалалық сенбілік өтті
28.10.2026
🌿 «Еркежан» бөбекжай-бақшасында жалпықалалық сенбілік өтті 🌿
«Еркежан» бөбекжай-балабақшасында ұжым мүшелерінің басын біріктірген жалпықалалық сенбілік өтті. Сенбіліктің басты мақсаты — балабақша аумағын таза, жайлы әрі көрікті ету.
Балабақша қызметкерлері бірлесе жұмыс атқарып, аумақты ретке келтірді, түскен жапырақтар мен қоқыстарды жинап, қоршаған ортаның тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде балабақша аумағы бұрынғыдан да таза әрі жайлы бола түсті.
Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тазалық пен тәртіп әрқайсымыздан басталатынын түсінуге ықпал етеді.