Бүгін аудандық Мәдениет үйінде Мұғалімдер күніне арналған жарқын мереке өтті.

06.10.2025

Бұл күні жүрегін балаларға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге арнаған жандарға ерекше құрмет көрсетілді.
«Еркежан» ясли-балабақшасының әдіскері 🌷 Серикпаева Әсемгүл Дастановна Атбасар ауданының әкімі Қ. Әлімжановтың Алғыс хатымен марапатталды.
👏 Бұл – оның еңбегіне, мамандығына деген сүйіспеншілігіне және балаларға деген қамқорлығына берілген лайықты баға. Бұл марапат жаңа идеялар мен жетістіктерге шабыт сыйласын!
Сізбен мақтанамыз және шын жүректен құттықтаймыз!💐

Просмотров: 198


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст