Текст
#ЕркежанАққулар 5 наурыз күні «Аққулар» мектепалды тобында ең нәзік мереке — 8 Наурызға арналған жылы әрі тебіреністі ертеңгілік өтті.
06.03.2026
Бұл күні көптеген ізгі тілектер, ақжарма құттықтаулар мен балалардың сыңғырлаған күлкісі естілді. Кішкентай өнерпаздарымыз аналарына жылулық пен махаббатқа, алғысқа толы «Анашым — күнім» атты нағыз мерекелік сый тарту етті.
Әр шаңырақта махаббат пен қамқорлық салтанат құрып, отбасы жылуы үзілмесін, ал аналарымыздың күлкісі күн сайын жарқырай берсін! 🙏❤️💐
Просмотров: 332