НАУРЫЗНАМА мерекесі аясында 17 наурыз «Шаңырақ күні» ретінде аталып өтті. Осыған орай «Балапан» және «Қарлығаш» ересек топтарының ата-аналарымен «Наурыз – отбасы қуанышы» атты отбасылық эстафета ұйымдастырылып, «Аналар мектебі» жоспары аясында жоғары деңгейде өткізілді.

17.03.2026

Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы бірлігін нығайту және ата-аналар мен балалар арасындағы өзара байланысты дамыту болды. Қатысушылар «Торсық» және «Киіз үй» атты екі командаға бөлінді. Әр команда қызықты әрі тартымды кезеңдерден өтіп, өздерінің ептілігі мен ұйымшылдығын көрсетті.
Эстафета барысында қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, достық пен көтеріңкі көңіл күй атмосферасы орнады. Әділқазылар алқасы қатысушылардың белсенділігі мен шеберлігін әділ бағалады.
Іс-шара соңында барлық қатысушы отбасылар дипломдармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.
Осындай шаралар өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеуде маңызды рөл атқарады. 🌿✨
Тәрбиешілер:
«Балапан» ересек тобы – Орымбаева Я.Т., Исабекова С.А.
«Қарлығаш» ересек тобы – Бауэр О.А., Лубянская А.Р.

Просмотров: 287


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст