Қалалық сенбілік — туған қаламыздың тазалығы мен көркеюіне қосқан үлес!
15.10.2026
«Еркежан» бөбекжай-бақшасының қызметкерлері туған қаламызды абаттандыру және тазалықты сақтау мақсатында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке белсенді қатысты.
Сенбілік барысында ұжым бірлесе отырып, аумақты тазалау жұмыстарына атсалысты, қоқыстарды жинап, ғимараттың айналасын ретке келтірді. Әрбір қатысушы қаламыздың таза, жайлы әрі көрікті болуына өз үлесін қосты.
Мұндай іс-шаралар адамдарды біріктіріп, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және тазалық пен тәртіпті сақтауға деген жауапкершілікті қалыптастырады.
Қаланың тазалығы — әрқайсымыздан басталады! Бірге қаламызды көркейтіп, оны таза әрі жайлы етейік!