7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Жас ұландар – мақтанышы елімнің» атты спорттық сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Аталған іс-шараға «Арай» және «Балапан» тобының тәрбиеленушілері белсене қатысып, өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті.
06.05.2026
Сайыс барысында балалар «Жалын», «Қайсар» және «Айбын» командаларына бөлініп, әртүрлі қызықты әрі тартымды ойындар мен эстафеталарға қатысты. Олар жылдамдық, күш, батылдық және ұйымшылдық қасиеттерін танытып, бір-біріне қолдау көрсетіп, командалық рухтың маңызын сезінді.
Балалар спорттық тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындап, өз өнерлерін көрсетті. Әр команда белсенділік танытып, жеңіске деген жігерлерін дәлелдеді. Сайыс соңында барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Бұл іс-шара балалардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттырып, отансүйгіштікке, батылдыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеуге зор ықпал етті.