"Еркежан" б/б медбикесі Шатрова С.И. және әдіскер Серікпаева А.Д. тәрбиешілермен «Балабақшадағы серуен кезінде жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында әңгіме өткізді.

24.06.2026

Әңгіме барысында жаз мезгілінде балалардың серуен алаңдарында қауіпсіз болуын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Балалар жарақатының алдын алу, су ішу тәртібін сақтау, балаларды күн өтуден және қызып кетуден қорғау, сондай-ақ серуен кезінде тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайын бақылау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Педагогтерге балаларды үнемі бақылауда ұстау, қимылды ойындарды өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау және жарамды ойын жабдықтарын пайдалану қажеттігі ескертілді.

Просмотров: 513


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст