«Таза Қазақстан»

17.09.2026

Бүгін «Еркежан» бөбекжай-бақшасында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. 
Іс-шараға педагогтер, ата-аналар және балабақша тәрбиеленушілері белсенді қатысты. Барлығымыз бірлесе отырып, балабақша аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына өз үлесімізді қосып, пирамидалы теректердің көшеттерін отырғыздық. 
Осындай бірлескен іс-шаралар балалардың табиғатқа деген ұқыпты әрі қамқор қарым-қатынасын, экологиялық мәдениетін және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Өйткені табиғатты қорғау әрқайсымыздан басталады!
Белсенді қатысып, қолдау көрсеткен және бейжай қарамаған ата-аналарымызға, сондай-ақ ағаш көшеттерін ұсынған Атбасар ауданының әкіміне шынайы алғысымызды білдіреміз!
Бүгін отырғызылған ағаштар жайқалып өсіп, балабақшамыздың аумағын көркейтіп, бүлдіршіндеріміз үшін жайлы әрі жасыл орта қалыптастыра берсін! 

Просмотров: 289


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст