Текст
Еңбек – береке бастауы!
07.10.2026
«Балапан» ересек тобының тәрбиеленушілері балабақша ауласындағы бау-бақшада өсіп тұрған қызылшаны жинауға белсене қатысты.
Балалар көкөністерді күтіп-баптаудың, еңбектің қадірін түсініп, табиғатпен жақын қарым-қатынаста болудың маңызын тәжірибе жүзінде көрді. Тәрбиешілердің көмегімен қызылшаны абайлап қазып, жинап, еңбектерінің нәтижесіне қуанды.
Осындай қарапайым еңбек әрекеттері балалардың еңбекқорлық, ұқыптылық, жауапкершілік және бір-біріне көмектесу қасиеттерін қалыптастырады. Балалар үшін бұл күн қызықты әрі пайдалы еңбекке толы болды.
Просмотров: 300