Лайықты жетістігіңізбен құттықтаймыз!
13.10.2026
13 қазанда Атбасар ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық «Үздік педагог – 2026» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқау қорытындысы бойынша «Еркежан» бөбекжайының тәрбиешісі Аканова Саягүл Шайдоллаевна II жүлделі орынға ие болды! 🥈
Байқау барысында Саягүл Шайдоллаевна өзінің шығармашылық ізденісін, жоғары педагогикалық құзыреттілігін, кәсіби шеберлігін және үнемі жетілуге деген ұмтылысын көрсетті.
👏 «Еркежан» бөбекжай-бақшасының ұжымы Саягүл Шайдоллаевнаны лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтайды!
Сізге сарқылмас шабыт, жаңа шығармашылық идеялар, кәсіби өсу, жарқын жеңістер мен толағай табыстар тілейміз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беріңіз!