«Дискавери Боровое» демалыс орнындағы тамаша демалыс үшін алғыс
29.10.2026
«Дискавери Боровое» демалыс орнындағы тамаша демалыс үшін алғыс
20–22 қазан аралығында кәсіподақ ұсынған жолдамамен «Дискавери Боровое» демалыс орнында демалу бақыты бұйырды. Бұл сапар маған ұмытылмас әсер, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, күш-қуатымды қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Бурабайдың көркем табиғаты, таза ауасы мен тыныш атмосферасы күздің осы күндерін ерекше әсерге бөледі. Демалыс күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт сергіп, жұмысқа тың күшпен, жаңа шабытпен оралуыма септігін тигізді.
Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Рахимжанов Мейрамбек Құдайбергенұлына және кәсіподақ төрайымы Нурмагамбетова Қымбат Қайыржанқызына педагогтерге көрсеткен ықыласы мен қамқорлығы үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Мұндай қамқорлық біз үшін аса құнды. Ол еңбегіміздің бағаланатынын, денсаулығымыз бен жан тыныштығымызға ерекше көңіл бөлінетінін сезіндіреді.
Тамаша демалыс пен көңілде қалған жылы естеліктер үшін көп рақмет!
Құрметпен, Серикпаева А. Д.,
«Еркежан» бөбекжайының әдіскері